2024 жылы Тілдер сарайында Жетісу облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «Жетісудың тарихи мұралары» облыстық конференция өтті.
Конфренцияда Жетісу облысы аумағында жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытынды есебі мен қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлерді Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне сақтауға және көпшілік назарына ұсыну мақсатында қабылдап алу шарты жасалынып өткізілді, сонымен қатар табылған олжажардан көрме ұйымдастырылды.
Сондай ақ Ә.Х Марғұлан атындағы Археология институтының «Архарлы тауындағы петроглифтер» атты кітабы мен Дауылбай ескерткіштерін зерттеу барысында «Дауылбай обалы қорымы» атты кітапттарының тұсау кесер рәсімі өтті.
Шара барысында Жетісу облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізген археолог мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері жайында баяндамалар оқылып, пікір алмасты.
Конференцияға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Сулейменов, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының ұжымы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ұстаздары, «Археологическая экспедиция» ЖШС қызметкерлері, өлкетанушы-журналист Қ. Андас, М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері, С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.