Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhetisu-madenimura.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні өз құзыреті шегінде және заңнамаға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) ескерткіштерді анықтау, есепке алу, қорғау, сақтауға қою, жаңғырту, насихаттау және пайдалану, тарихи орталықтарды, облыс қалаларының және басқа елді-мекендердің тарихи объектілері бар аудандарын жаңарту жұмысын және олардың жай-күйін  мониторингтеуді қамтамасыз етеді;

2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

3) Қазақстан халықтарының және әлемдік мәдениеттің тарихи-мәдени мұраларын мақсатты түрде насихаттау, сонымен қатар жастарды эстетикалық және рухани тұрғыдан тәрбиелеу;

4) ұлттар мәдениетінің дамуына және өзара баюына жағдай жасау, халықаралық мәдени шаралар мен акцияларға қатысу болып табылады.

 Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану ісіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жергілікті бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

2) ескерткіштерді есепке алу, қорғау, сақтау, жаңарту және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми зерттеу мекемелерімен, қала құрылысы және сәулет органдарымен, жергілікті билік органдарымен, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдармен және ведомстволармен іскер байланыста болу;

3) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне облыстың тарихи және мәдениет ескерткіштері бойынша кез келген ғылыми, соның ішінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензия (ашық қағаз) беру туралы ұсыныс енгізу;

4) ескерткіштерде және оларды қорғау аймақтарында жүргізілетін барлық жұмыс түрлерінің ғылыми-жобалық  құжаттамаларын қорғау және келісу;

5) белгіленген тәртіп бойынша есептік құжаттамалар негізінде тарихи-мәдени мұра нысандарын мемлекеттік қорғауына қабылдап алу жөнінде ұсыныстар дайындау, облыстық тарих және мәдениет ескерткіштері жинағын әзірлеу;

6) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

7) алдын ала зерттеу және шаруашылық жүргізу, қорғаныс мақсатында игеруге бөлінген аумақтарды келісу;

8) ескерткіштер бойынша ғылыми зерттеу, жөндеу, жаңарту жобалау-сметалық және басқа жұмыстарды ұйымдастыру;

9) тапсырыс берушінің ескерткіштерді зерттеу, паспорттау, уақытша тоқтатып қою және жөндеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

10) ескерткіштерді сапалы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету;

11) облыстық жер пайдалану, сәулет, қала құрылысы және басқа жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып, ескерткіштерді қорғау және құрылысты реттеу аймағын, қорғалатын табиғи ландшафтты белгілеу;

12) қорғау тақталарын дайындау және орнатуға тапсырыс беру;

13) Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуін бақылауды қамтиды;

14) Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шегінде жерді пайдалану режимін бұзғандарды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша ұсыныс білдіреді.

15)Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

16)Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында, не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле уәкілетті органының, құрылтайшының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.