Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhetisu-madenimura.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Жетісу облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында, археолог, ғалым К. Байпақовтың 85 жылдығына орай «Тастағы тарихи таңбалар» облыстық конференция өтті.

 Конференцияда Талдықорған қаласы маңында орналасқан (Қызылтас, Ордақұл, Еңбек) және Ақсу ауданындағы археологиялық ескерткіштерге жүргізілген құжаттама жұмыстарының қортынды нәтижелері бойынша археолог мамандар баяндамалар оқылып, пікір алмасты.

Шара барысында Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақсу ауданы бойынша жүргізген зерттеулері бойынша «Ақсу ауданы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.

Конференцияға Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихшы археолог ғалымдары, археологтар, тарихшылар мен жергілікті өлкетанушылар, тарихи - өлкетану музейінің ғылыми  қызметкерлері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.