Талдықорған қаласы, Бикен Римова атындағы драма театырының алаңында, ұлы ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаев ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу сал¬танатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, сенат депутаттары, Абай облысы өкілдері, абайтанушы ғалымдар, өңір зиялылары, қоғам қайраткерлері қатысты.
Жобанының авторлары – Рустембеков А.И. (сәулетші), Азмағанбетов М.С. (мүсінші), Жақыпбаев М.А. (мүсінші). Биіктігі 3,6 метр болатын еңселі ескерткіш қоладан құйылып, 5,3 метрлік граниттен жасалған тұ¬ғырға қондырылған.