Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов Еуропалық Одақтың (ЕО) қаржылық қолдауымен ЮНЕСКО іске асырып жатқан «Орталық Азиядағы Жібек жолы мұрасының дәліздері - Еуропалық мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері» жобасы аясында ұйымдастырылған халықаралық семинар-тренингке (2024 ж. 22-26 сәуір) қатысты.
Халықаралық семинар-тренинг Алматы қаласындағы «Острыв Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасында өтуде.
Ашылу күніне ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік Кеңсесі директорының міндетін атқарушы Амир Пирич, ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур қатысты.
«Археологиялық олжаларды қазбадан қауіпсіз алу және оларды алғашқы консервациялау, буып-түю, тасымалдау және сақтау» тақырыбындағы сұрақтар талқылануда.