25 мамыр күні Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен еліміздің әр облысындағы ескерткіштерді қорғау орталықтарымен танысу, әрі тәжірибе алмасу, тарих және мәдениет ескерткіштеріне байланысты өзекті мәселелерді талқылап, ескерткіштерге қатысты шешілмей келе жатқан көкейкесті ұсыныстарды келісу мақсатында бас қосу ұйымдастырылып, «Еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдаланудағы өзекті мәселелер» атты республикалық конференция өтті.