Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhetisu-madenimura.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Іс-шараның мақсаты-тарихи ескерткіштерді сақтау, насихаттау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

16-18 сәуір аралығында қалада тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай» «Ескерткіш – тарихи тұғыр"атты пленэр ұйымдастырды. 

16 сәуірде Абай Құнанбаев ескерткішінің жанында пленэрдің салтанатты ашылуы өтті, оған белгілі және кәсіби суретшілер Ахметов Бақыт, Бекбергенова Айнұр, Бакирова Әлия, Шалабаева Қарлығаш, Әбділдаев Мұратха, Асқаров Айдар, Қастер Болат қатысты. Айта кету керек, мұндай іс-шаралар біздің облыста жақсы дәстүрге айналды. Жеребе арқылы қылқалам шеберлері өз жұмыстары үшін ескерткіштерді таңдайды. 18 сәуірде көркем галереясында қорытындылар жасалып, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.  Пленэрдің барлық қатысушылары облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ. Сүлейменов тапсырған алғыс хаттармен марапатталды. Жетісу облысының тарихи мәдени мұраны қорғау орталығының ұжымы да Алғыс хатпен марапатталды. Жетісу облысының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік Одағынан "Еңбек даңқы" төсбелгісінің иегері қала құрылысы ескерткіштерін қорғау бөлімінің меңгерушісі Г.Бодауова болды. Сондай-ақ, "Құрмет" грамотасын мәдени мұраны қорғау бөлімінің меңгерушісі Ж.Адамжанов пен бөлім маманы А. Идрисоваға табыстады, Орталық қызметкерлері А. Қанабекова мен Е. Дубасов алғыс хаттар алды. Салалық кәсіподақ төрағасы Сәуле Құрмашқызы ескерткіштерді қорғау саласындағы көп жылғы қызметі үшін жылы лебіздерін білдіріп, мамандарға шығармашылық табыс тіледі.

Іс-шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Талдықорған қаласының көркемсурет колледжінің студенттері, көркемсурет мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Жетісу облысының тарихи мәдени мұраны қорғау орталығының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Біздің өңірдің құнды мұрасын насихаттау жөніндегі еңбегіңіз жемісті болсын!